Шымкентте ерекше ірі мөлшерде жалған шот-фактуралар жазған компания директоры сотталды.
Қала прокуратурасы «А» ЖШС нақты жұмыстар орындалмай және тауарлар жеткізілмей, жалған шот-фактуралар жазғанын анықтады.
«Ал компанияда сатылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы мәліметтер жоқ. Қызметкерлерге зейнетақы, әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жеке табыс салығы есептелмеген», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде мемлекетке 640 млн теңге сомасында ерекше ірі мөлшерде залал келтірілген.
Сот ЖШС басшысын кінәлі деп танып, оны 3 жыл бас бостандығынан айыруға соттады.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр мамыр айында Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты іс қарап жатқаны хабарланған болатын, онда «КУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ-3» МКК бұрынғы басшысы, Шымкент энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бұрынғы басшылары, сондай-ақ құрылыс және энергетика бизнесімен айналысатын фирмалар мен компаниялардың директорлары айыпталушылар лауазымында отырған.
Олар жалған шот-фактуралар жазу, қызмет бабын пайдаланып мүлікті ұрлау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыруда айыпталған.
Фонд-бюро расследования коррупции