Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары мен жеке кәсіпкерге қатысты үкім шығарды.
Zakon.kz мәліметінше, лауазымды тұлға алдын ала сөз байласқан адамдар тобының құрамында бюджет қаражатын жымқырды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп айыпталды.
Кәсіпкер де алдын ала сөз байласқан адамдар тобының құрамында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
Тергеу 2023 жылы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге және олардың сейсмикалық төзімділігін тексеруге бөлінген 367 млн теңгеден астам қаражатты иемденгенін анықтады.
Ал кәсіпкер ақшаны жалған ЖШС арқылы шығарып отырған. Лауазымды тұлға жымқырылған қаражатты монша кешенін салып, оны ата-анасының атына тіркеп, заңдастыруға тырысқан.
Сот басшы орынбасарын кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілей отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Еске салайық, ақпан айында Шымкент әкімдігіндегі мәжіліс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасарын ұстады.
Мәжіліс өтіп жатқан кабинетке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері кіріп, ведомствоның лауазымды тұлғалардың біріне қатысты сұрақтары бар екенін мәлімдеді. Қала әкімі Ғабит Сыздыбековтың келісімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілер оны шығарып әкетті.
Фонд-бюро расследования коррупции