ШҚО-да экология департаментінің басшысы Данияр Әлиевтің ісі сотқа түсті, ол пара алуда айыпталуда.
Inbusiness.kz мәліметінше, айыпталушыға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды.
Онымен бірге сот отырысында делдалдық жасады деп айыпталған Максат Жұрқабаев және пара берді деп айыпталған Константин Длужевский отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр Әлиевтің ұсталғаны 2023 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Қараша айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның орынбасары Рауан Тұраровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізгені хабарланған болатын.
Осы жылдың шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері 10 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаевты да ұстады.
Фонд-бюро расследования коррупции