ФБРК редакциясы Қазақстан экономикасына елеулі әсер ететін компаниялардың атқарушы органдары мүшелерінің жалпы сыйақы мөлшері туралы әңгімесін жалғастырады.
Бүгін ең ірі энергетикалық холдинг - «Самұрық-Энерго» АҚ туралы сөз қозғалады, «Қазақстанның барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жоғары тиімді электрмен жабдықтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған».
Естеріңізге сала кетейік, биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Римге ресми сапары барысында Алматы ЖЭО-3 қайта жаңарту туралы келісімге «Самұрық-Энерго» АҚ мен италиялық «Ansaldo Energia SpA» компаниясы қол қойды.
Өткен жылдың желтоқсанында белгілі болғандай, «Самұрық-Энерго» АҚ ресейлік «ИНТЕР РАО – Экспорт» ЖШС компаниясымен бірлесіп, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір ЖЭО салу жобасын іске асырады.
2024 жылдың бірінші тоқсанында ұлттық компанияның түсімі 144 млрд теңгеден асты, бұл 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы 114 млрд теңгемен салыстырғанда 26%-ға көп.
2020 жылы компанияның атқарушы органы басқарма төрағасы Бақытжан Жұламановты қоса алғанда 5 адамнан тұрды. 2009-2011 жылдары Жұламанов мырза Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарды.
Бақытжан Жұламанов «Самұрық-Энерго» АҚ-ға 2018 жылы жұмысқа келіп, көп ұзамай басқарма төрағасы қызметін иеленді.
2021 жылы төрағалық Сұңғат Есімхановқа өтті, ол «Самұрық-Энерго» АҚ-да басқарма төрағасы болып тағайындалғанға дейін энергетика вице-министрі болып жұмыс істеген, ал кейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
2021 жылдың аяғына қарай басқарманың 4 мүшесі жалпы 318 млн теңгеден астам сыйақы алды.
2022 жылы ұлттық компанияның 5 адамнан тұратын атқарушы органын бұрын «Самұрық-Энерго»-да «Генерация» дивизионының басқарушысы, кейін өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған Серік Тіyteбаев басқарды.
Сол кезде басқарманың жалпы сыйақы мөлшері 295 млн теңгеден астамды құрады.
2023 жылы басқарманың 5 мүшесі жалпы шамамен 359 млн теңге алды. 2023 жылдың маусымынан бастап төраға Қайрат Мақсұтов болып табылады.
Мақсұтов мырза «Самұрық-Энерго» АҚ-да қызметін 2009 жылы қаржы және экономика жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметінен бастады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ФБРК редакциясы Қазақстандық инвестициялық холдинг «Самұрық-Қазына» ҰҚ» АҚ құрамына кіретін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және «KEGOC» АҚ ұлттық компаниялары басқармасының жалпы сыйақылары туралы жазған болатын.
Жалғасы бар…
Фонд-бюро расследования коррупции