Skip to main content

Селден кейін аймақтарға көмек: кім және қанша көмектесті

Submitted by Вера Александрова on

Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге кәсіпкерлердің есімдері мен қаржылық көмек сомалары көрсетілген кестені ұсынды.

"Қазінформ" ХАА деректеріне сәйкес, зардап шеккен барлық өңірлерде жиналған қаражаттың жалпы сомасы 250,5 млрд теңгені құрады.

"Журналистердің көбі су тасқынынан зардап шеккендерге қандай кәсіпкерлер және қалай көмек көрсеткені туралы нақты айтып беруімізді өтініп, жүгінген болатын. Бұл кестеде өңірлер бойынша тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге қандай кәсіпкерлер және қандай сома бөлгені жазылған. <…> Сонымен қатар, олардың бір бөлігі "Демеу" және "Қазақстан Халқына" қорларына қаражат аударды", - деді Бозымбаев.

Ең көп ақша СҚО-да жиналды - 58,7 млрд теңге, ең аз сома Ақмола облысында - 13,3 млрд теңге

  • Осылайша СҚО-ға көмекке жіберілді: 

40 млрд теңге - Владимир Ким, Эдуард Огай, Олег Новачук, 15 млрд теңге - Вячеслав Ким, 2,7 млрд теңге – "Қазақстан Халқына", 1 млрд теңге - Сергей Кан. 

  • БҚО үшін жиналды: 

20 млрд теңге - Eurasian Resources Group (ERG) халықаралық компаниялар тобы, 5,7 млрд теңге - Ғалымжан Есенов, 5,55 млрд теңге - Нұрлан Смағұлов, 5,5 млрд теңге - Бақытбек Байсейітов, 5 млрд теңге - Нұрлан Артықбаев, 3,19 млрд теңге - "Қазақстан Халқына", 2,7 млрд теңге - Бахридин Аблазимов, 2 млрд теңге - "Қарашағанақ Петролеум Оперейтинг" (КПО) компаниялар консорциумы, 1 млрд теңге - World Green Company, 1 млрд теңге - Айдын Рахимбаев, 1 млрд теңге - Фаррух Махмудов, 1 млрд теңге - Сайдулла Қожабаев, 1 млрд теңге - Болат Өтемұратов, 560 млн теңге - "Конденсат" АҚ, 560 млн теңге - "Жайық Мұнай" АҚ. 

  • Атырау облысы үшін: 

30 млрд теңге - Тимур және Динара Құлыбаевтар, 7 млрд теңге – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, 2,6 млрд теңге – "Қазақстан Халқына", 1,2 млрд теңге - Кеңес Рақышев, 1 млрд теңге - Айдын Рахимбаев, 1 млрд теңге - Jusan bank. 

  • Ақтөбе облысы үшін: 

15 млрд теңге – ERG, 10 млрд теңге - Болат Өтемұратов, 2 млрд теңге - Айдын Рахимбаев, 530 млн теңге – "Қазақстан Халқына", 500 млн теңге - Элидар Өтемұратов. 

  • Қостанай облысы үшін: 

4,5 млрд теңге – ERG, 3,3 млрд теңге - Базис-А, 3 млрд теңге - Андрей Лавреньтев және Юрий Цхай, 2,46 млрд теңге – "Қазақстан Халқына", 2 млрд теңге - Данияр Әбілғазин, 1,46 млрд теңге - Қайрат Мәжібаев.

  • Ақмола облысы үшін: 

5 млрд теңге - Вячеслав Ким, 3,67 млрд теңге – "Қазақстан Халқына", 3 млрд теңге - Қазмырыш, 1 млрд теңге - Болат Өтемұратов, 500 млн теңге - Сергей Кан, 200 млн теңге - Айдын Рахимбаев. 

Сонымен қатар Қанат Бозымбаев хабарлағандай, алдын ала есептеулер бойынша, елімізде шамамен 53 млрд теңгеге инфрақұрылым нысандары зардап шеккен, оның ішінде 109 автожол учаскесі 39,6 млрд теңгеге, 48 әлеуметтік нысан шамамен 11,7 млрд теңгеге және электрмен жабдықтау желілері – 1,5 млрд теңгеге зақымданған. Сонымен бірге, вице-премьер бұл сомаға жеке нысандар кірмейтінін атап өтті.