ҚР Үкіметі AZAL әуекомпаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу үшін комиссия құрды.
Press.kz мәліметінше, оның құрамына премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, бас көлік прокуроры, төтенше жағдайлар, көлік, денсаулық сақтау, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылығы енгізілді.
Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып бару, ұшақтың құлау себептерін тергеу, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды.
Бұл ретте әуе апатынан аман қалғандар саны 32 адамға дейін өсті. Саясаттанушы Сырым Ытқұлов хабарлағандай, ұшақтың бүкіл экипажы қаза тапты. Оның ақпараты бойынша, бортында 69 адам болған.
Еске салайық, Ақтау маңында әзербайжандық AZAL әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бет алған ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құспен соқтығысудан кейін басқарудан айырылған. Кеме бортында Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей және Қырғызстан азаматтары болған.
Фонд-бюро расследования коррупции