Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаның негізсіз өскенін анықтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі 158 балабақшаның 108-інде негізгі жеткізуші бір ЖШС болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелермен жасалған шарттарда ӘМАТ бойынша зауыт-өндірушіден түпкілікті тұтынушыға дейінгі баға айырмашылығы:
- күнбағыс майы – 286% үстеме (453 тг/л 1300 тг/л қарсы);
- қарақұмық жармасы – 150% (240 тг/кг 600 тг/кг қарсы);
- қант – 93% (325 тг/кг 630 тг/кг қарсы);
- тауық жұмыртқасы – 79% (430 тг/ондық 770 тг/ондық қарсы);
- тұз – 66% (60 тг/кг 100 тг/кг қарсы);
- күріш – 36% (490 тг/кг 670 тг/кг қарсы);
- сары май – 22% (2075 тг/кг 2550 тг/кг қарсы).
Нәтижесінде аталған ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мектепке дейінгі мекемелермен ӘМАТ жеткізу шарттары төмендетілген құн бойынша қайта жасасу үшін бұзылды. Үнемделген қаражат сомасы 30 млн теңгеден асты.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында ҚМА қызметкерлері Астана балабақшаларына жеткізілетін ӘМАТ-қа бағаның негізсіз өскенін анықтады. Ведомство 21 мектепке дейінгі мекемеде азық-түлік жеткізу шарттары бойынша бағаларды төмендетуге қол жеткізді. Үнемдеу 31 млн теңгеден асты.
Сәуірде ҚМА ШҚО-да ӘМАТ себетіндегі азық-түліктің сатып алу құнын төмендетті. Сонда ШҚО білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ кәсіпкерден ӘМАТ-ты асыра бағамен сатып алғаны анықталды. Нәтижесінде сәбіздің сатып алу құны 35% (325 теңгеден 242 теңгеге дейін), қырыққабаттыкі 60% (380 теңгеден 238 теңгеге дейін) төмендетілді.
Өткен жылдың сәуірінде Қарағанды облысындағы ҚМА жұмыртқаға үстеменің асып кеткенін анықтап, картоп бағасын төмендетті. Оған қоса, ведомство Жезқазғанда қантқа, Қызылорда облысында күрішке және Абай облысында айранға асыра бағаланған бағаларды анықтады.
Фонд-бюро расследования коррупции