Желіде Павлодар облысындағы колониялардың бірінің бастығының орынбасары Айдар Айдарханов және режимдік бөлімнің бастығы Мейірман Қажмұратов ұсталды деген ақпарат таралуда.
«ZTB NEWS» деректері бойынша, олар ауыр зардаптарға әкеп соққан өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Шенеуніктер уақытша ұстау изоляторына жабылды.
Өз кезегінде БАҚ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі мекеме қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) қызметкерлерінің ұсталғанын растағанын хабарлайды.
Мекеме бастығы лауазымынан босатылғаны атап өтілді.
«Осы факті бойынша құзыретті органдар қылмыстық іс қозғады. Мекеме мен ҚАЖД-ның бірқатар қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, мекеме бастығы лауазымынан босатылды», - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.
Фонд-бюро расследования коррупции