Skip to main content

Орталық мемлекеттік органдар көмірге қымбат баға белгілеуге қарсы күрес бастады

Submitted by Вера Александрова on

Жылу маусымы қарсаңында Қаржылық мониторинг агенттігінде (ҚМА) ведомство басшысы Дмитрий Малаховтың төрағалығымен Қаржы министрі Мади Такиев және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасы Марат Омаровтың қатысуымен кеңес өтті. 

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство үш ірі көмір өндіруші кәсіпорынның қызметіне талдау жүргізіп, онда өнімсіз делдалдық және көмірдің босату бағасын негізсіз көтеру тәуекелдерін анықтады. Кейбір жағдайларда баға бірнеше есеге өскен. 

Өз кезегінде Дмитрий Малахов жыл сайын күзде халық пен мемлекеттік мекемелер үшін қатты отынның қымбаттауы мен тапшылығы байқалатынын атап өтті. 

БҚДА деректері де Қазақстанның көмір нарығында монополистердің жоғары баға белгілеу белгілері тіркелгенін растайды.

«БҚДА әділ бәсекелестік үшін жағдай жасау және тұтынушыларға баға қысымын төмендету бағытында жұмыс істейтін болады. Бүгін әріптестерімізбен бірге әлеуметтік көмір нарығындағы жұмыс бойынша ведомствоаралық картаға қол қойдық. Монополияға қарсы орган Қаржылық мониторинг агенттігімен және қаржыминімен бірлесіп делдалдарды жоюға, халықтың шығыстарын оңтайландыруға және біз бүгін талқылаған бірқатар жүйелі шараларды іске асыруға дайын, бұл – тауар биржаларын бақылау, монополияға қарсы органда бүгін бар құзыреттер шеңберінде тең қолжетімділікті қамтамасыз ету», - деп атап өтті Марат Омаров.

Сонымен бірге қаржы министрі Мади Такиев көмір нарығында көптеген делдалдар бар екенін мәлімдеді.

«Қаржымині мемлекеттік мекемелер үшін тас көмірді тікелей өндірушілерден сатып алу арқылы бюджеттен шығындарды қысқарту жөніндегі ҚМА бастамасын қолдады», - деді қаржыминінің басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша ведомство өкілдері азаматтар үшін көмірдің жасанды қымбаттауы мен тапшылығы фактілерін болдырмауды мақсат ететін Жол картасына қол қойды.