Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаеваның ұлы - Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ акционерлері мен басқарма кеңесі құрамынан шығар алдында дивидендтер алды.
ORDA мәліметінше, компания 2023 жылғы акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді Әлиев өз үлесін сататынын жариялаған күні жария етті.
Бұл туралы KASE-де жарияланған құжат куәландырады. Белгілі болғандай, төленген дивидендтердің жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрады.
«27 қаңтардағы жағдай бойынша компания үлестеріне ие болған инвесторлар шамамен төрт жарым млрд теңге (бір жай акция үшін 1064,19 теңгеден) алды, қалған бөлігі кейінірек төленеді. Сол кезде Нұрәлі Әлиев Дмитрий Покупателевпен бірге «Unit Telecom» ЖШС арқылы «Транстелекомның» 75% акциясына ие болды», - делінген хабарламада.
Компаниядағы өз үлесін сату туралы хабарландырудан кейін Әлиевтің басқарма кеңесі төрағасы ретіндегі орнын Покупателев иеленді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрәлі Әлиевтің компанияны сатуға байланысты «Транстелеком» АҚ акционерлері құрамынан шығып, басқарма кеңесі төрағасының өкілеттігін тоқтатқаны хабарланған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции