Мемлекет меншігіне бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі болған жоғары спорт шеберлігі мектебі қайтарылды. Мекеме 1,2 млрд теңгеге бағаланады.
«17.07.2024 жылы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату-сатып алу мәмілесін жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді», - деп жазады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету расталғаны хабарланады.
Белгілі болғандай, мектеп мүлкі 7,6 мың м2 әкімшілік ғимараттардан, спорт залдарынан және басқа құрылыстардан, сондай-ақ 4,9 га жерден тұрады.
Спорт мектебіне Мұхамедиұлымен байланысты тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткені атап өтіледі.
Еске салайық, бұған дейін сот Мұхамедиұлын пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танып, оның бұрынғы жаза мерзімін 8 жылдан 11 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырған болатын.
Оның жұбайы Галия Искакова парақорлыққа делдалдық еткені үшін 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Алайда кейінірек сот үкімді өзгертіп, Искакованың негізгі жазасын өтеген деп есептеп, оны күзеттен босатты.
Фонд-бюро расследования коррупции