Skip to main content

Молдаван елінің азаматы қазақстандық полицейге тұрмыстық техникамен пара ұсынды

Submitted by Вера Александрова on

Түркістан облысында Молдова Республикасының азаматы сотталды. Ол полиция қызметкеріне пара беру әрекеті бойынша кінәлі деп танылды.

Облыс соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға тасжолда болған. Кезекшілік кезінде полиция қызметкерлері армян нөмірлерімен жүрген Volvo жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік құралына 583 366 теңге мөлшерінде төленбеген айыппұл салынғаны анықталған.

Жүргізуші — Молдова азаматы — полицейлерге 10 мың теңге және құны 3833 теңге болатын Bosch маркалы ас үй блендерін ұсынған. Полицейлер пара беру әрекетін тіркеп, жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Тергеу барысында айыпталушы кінәсін мойындап, тергеумен процессуалдық келісім жасасқан. Нәтижесінде Түркістан ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, ұсынылған пара сомасының 15 еселенген мөлшерінде айыппұл салған (155 621 теңге).

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Беларусьтен келген саяхатшылар желіде Түркістан облысындағы тасжолда жол қозғалысы ережелерін бұзбай келе жатқандарын, алайда патрульдік полицейлер тоқтатқанын айтқан бейнеролик жариялаған.

Полицейлер туристерден жергілікті техникалық байқаудан өтуді талап етіп, олардың камераға түскенін мәлімдеген. Алайда дәлелдемелерді көрсетпеген. Құқық қорғау органдары оларға 200 мың теңге берілсе, туристерді енді тоқтатпайтындарына уәде берген. Кейін оқиға жұртшылыққа белгілі болған кезде, полицейлер жұмыстан шығарылды.