Пермьден (РФ) кәсіпкер салық қызметінің қызметкеріне 500 мың рубль мөлшеріндегі параны жапырақты салат салынған пакетте бермек болған.
life.ru хабарлауынша, Пермь өлкесі бойынша Ресей ФҚҚ Басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ер адам ұсталған, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
«Коммерциялық ұйымның қызметкері салық органының өкіліне ақша қаражатын заңсыз беру әрекеті кезінде ұсталды», — делінген хабарламада.
Ведомство ұсталған адам салықшыны тексерулермен жиі келмеуі үшін пара бермек болғанын қосты.
Фонд-бюро расследования коррупции