Талдықорғанда Жетісу облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Арман Сағымбековке және «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Айбек Күзембаевқа үкім шығарылды.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, лауазымды тұлға пара алуда, ал компания басшысы 500 мың теңге көлемінде пара беруде кінәлі деп танылды. Пара өңір тұрғындары үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінің әдейі жоғары бағасын бекітуге арналған.
Нәтижесінде сот Сағымбеков пен Күзембаевқа тиісінше 15 млн теңге және 10 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Сонымен қатар, оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Жетісу облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысының ұсталғаны осы жылдың наурыз айында белгілі болды.
Фонд-бюро расследования коррупции