Астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қызметтік көліктерді жөндеуге үлестес компанияны заңсыз тартты деген күдікке ілінген.
Лауазымды тұлға осы кәсіпорын арқылы 3 млн теңгеден астам бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырғаны хабарланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» РМК бас бухгалтеріне үкім шығарылды. Тергеу барысында айыпталушы кәсіпорынның шотынан жалақы деген желеумен 2,7 млн теңге ақшаны алып, иемденгені анықталды.
Фонд-бюро расследования коррупции