Алматыда мемлекетке ұзақ уақыт пайдаланылмаған 0,56 га жер телімі қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл Медеу ауданының Бесағаш ауылдық округінде орналасқан жер телімі.
Бастапқыда жер автосервис, автокір жуу, жанармай құю станциясы және қонақүй салу үшін бөлінген болатын.
«Тексеру барысында бұл телімнің мақсатты пайдаланылмағаны және қараусыз қалған күйде екені анықталды. Департамент оны қайтарып алу туралы сотқа талап-арыз берді», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде Алматы соты ведомствоның талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды.
Еске сала кетейік, қыркүйектің басында үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдегендей, биыл жоспарланған 2 млн га жердің 1,3 млн га пайдаланылмайтын немесе бұзушылықпен берілген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды.
Кейінірек Қостанай облысында мемлекетке бағалау құны 254 млн теңгеден асатын 15 га жер телімі қайтарылды.
Тамыз айында Ақтөбе облысында мемлекет меншігіне 30 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылғаны хабарланды.
Маусым айында белгілі болғандай, биыл Алматы облысының прокурорлары мемлекет меншігіне 12,5 мың га аумақтағы және құны 2,5 млрд теңге болатын 155 пайдаланылмайтын жер телімін қайтарды.
Фонд-бюро расследования коррупции