Құрылыс компаниясы Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған.
Informburo.kz астаналық Сарайшық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, Нәжімеденов көшесі, №64 үйдің тұрғындары вокзал маңындағы көлге құрылыс және тұрмыстық қоқыстардың тасталғанына шағымданған.
Әкімдікте «Сарыарқа Бизнес Комфорт» ЖШС-нің жеке меншігіндегі жер телімі іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін бөлінгенін атап өтті.
«Көрсетілген бейнежазбада – шұңқыр. Аумақ пен шұңқырдың құрылыс қоқысымен толтырылуы фактісі бойынша құрылыс ұйымына қатысты әкімшілік шаралар қолданылуда», – деді әкімдікте.
Құрылыс компаниясының өкілдерімен құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезінде заңды сақтау және аумақты ірі көлемді қоқыстан тазарту туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Жаңа адамдар» қоғамдық қозғалысының белсенділері Астанадағы «Айва» тұрғын үй кешенінің терезелерінің астында орналасқан, ауданы 70 мың м² болатын заңсыз қоқыс үйіндісін анықтаған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции