Skip to main content

Костанай облысында фитосанитарлық бекет инспекторлары пара алғаны үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Қостанай облысының Қарабалық ауданында өңірлік фитосанитарлық бақылау бөлімінің екі бас маманына үкім шығарылды.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, олар 13 жүк көлігі жүргізушісінен 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейін пара алған. Пара карантиндік өнімді шекара арқылы тексерусіз өткізуге кедергі жасамау үшін берілген. 

Инспекторлар мен пара берушілерге әртүрлі жаза мерзімдері тағайындалды, нақты қандай екені хабарланбады. 

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, инспекторлардан алынған пара сомасы өндірілді. 

«Мемлекеттік айыптаушының өтінішхаты бойынша сот ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне қызметкерлер арасында профилактикалық жұмысты күшейту және болашақта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында жеке қаулы шығарды», - деп атап өтті ведомствода.

Үкім пара алушылардың әріптестерінің қатысуымен жарияланғаны атап өтіледі.

Еске сала кетейік, қаңтар айында Астанада ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" РМК бас бухгалтеріне үкім шығарылды. Тергеу анықтағандай, айыпталушы кәсіпорынның шотынан жалақы ретінде 2,7 млн теңге алып, иемденген.