Қостанай облысында шаруа қожалығының басшысы 1 млрд теңгеге жалған шот-фактураларды жазған.
«Қостанай облысының аумағында 2022 жылы нақты жұмыстарды орындамай және қызметтерді көрсетпей, 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 контрагенттің атына шот-фактураларды жазуды жүзеге асырған шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Осы әрекеттердің нәтижесінде контрагенттер мемлекет бюджетіне 200 млн теңгеден асатын сомаға салық төлеуден жалтарған.
Еске салайық, бұған дейін Астанада балабақша меңгерушілері, ЖШС директоры және балабақша қызметкері 35 млн теңгеден астам соманы ұрлаған еді. Меңгерушілер сатып алынбаған азық-түлік өнімдеріне өтінімдер берген, сондай-ақ объектісі дұрыс көрсетілмеген электрондық шот-фактураларды, жүкқұжаттарды, салыстыру актілерін жазған.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының ауданаралық қылмыстық соты істі қарауда, ол бойынша «КУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ-3» МКК бұрынғы басшысы, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бұрынғы басшылары, сондай-ақ құрылыс және энергетика саласында қызмет ететін фирмалар мен компаниялардың директорлары сотталушылар лавасына отырған.
Олар жалған шот-фактураларды жазу, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті жылыстатуда айыпталуда.
Фонд-бюро расследования коррупции