Прокуратура Балқаш көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер мен басқа қаладан келген білім алушыларға өтемақы төлеу тәртібінде бұзушылықтарды анықтады.
Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, екі колледж көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге тиесілі өтемақыларды төлемеген.
«Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер, егер олардың жан басына шаққандағы орташа табысы мемлекет белгілеген деңгейден аспаса, тегін ыстық тамақ алуға құқылы. Ыстық тамақ берілмеген жағдайларда, колледждер студенттерге тамақ құны мөлшерінде өтемақы төлеуге міндетті», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге жалпы сомасы 4,7 млн теңге көлеміндегі өтемақы аударылмаған.
Сонымен қатар, Балқаш колледждерінде оқитын басқа қаладан келген студенттер қысқы және жазғы демалыс кезінде жол жүру шығыстарына өтемақы алу құқығына ие.
«Тексеру барысында колледждердің бірі басқа қаладан келген студенттерге қысқы кезең үшін тиесілі өтемақыны төлемегені анықталды. Прокурорлық қадағалау қорытындысы бойынша, бір миллион теңгеден астам сомаға төлемдер толығымен жүргізілді», - делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции