Skip to main content

Контрафакттік темекі 2,6 млрд теңге сомасында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтан тәркіленді

Submitted by Вера Александрова on

Семейде сәйкестендіру құралдары жоқ темекілерді заңсыз сатқан трансұлттық топтың үш қатысушысына үкім шығарылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, 8 адамнан, оның ішінде 3 шетел азаматынан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) Қырғызстаннан 9,3 млн қалта контрафактілік темекіні жалған құжаттар бойынша әкелген.

Өткізу Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарының аумағында жүзеге асырылғаны атап өтіледі. Темекінің бір бөлігін қылмыскерлер Ресейге шығаруға тырысқан.

Контрафактілік өнімнің барлық көлемі заңсыз айналымнан алынды, төленбеген акциз сомасы 2,6 млрд теңгені құрады.

Құқық қорғау органдары тәркілеу мақсатында айыпталушылардың 9 автокөлігі мен жеке үйіне тыйым салды.

Сонымен қатар, тергеу барысында сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу туралы өтінішхаттарды қанағаттандырды: қолма-қол $157 мың және құны 840 мың теңге болатын автомобильдің VIP-нөмірі.

Қорытындысында сот Бекешев Д., Сатыбалдиев Д. және Султанов Д.-ны ҚК 264-бабы 2-бөлігі («Трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу»), ҚК 214-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтары («Заңсыз кәсіпкерлік») бойынша кінәлі деп танып, оларға құны 166 млн теңге болатын тәркіленген мүлікпен бірге 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ҰҚТ-ның қалған бес қатысушысы халықаралық іздеу жарияланды. Олардың бірі Ресей Федерациясының аумағында ұсталды, құзыретті органдарға оны экстрадициялау туралы өтінішхат жіберілді.

Еске салайық, бұрын Алматы мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) контрафактілік темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтаған. Ведомство қызметкерлері кодтары (сәйкестендіру құралдары) жоқ және белгіленбеген үлгідегі кодтары бар 18 603 қалта темекіні тапты. Заңсыз өнімнің жалпы құны шамамен 17 млн теңгеге бағаланды.