Skip to main content

Коммерциялық директорды СҚО-да жылыжайлар салу кезінде 840 млн теңгені жымқырды деп айыптауда

Submitted by Вера Александрова on

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйым басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жылыжай кешенін салу кезінде жапырақты көкөністерді өсіруге арналған жабдықты сатып алуға Ұлттық қор қаражатынан бөлінген 840 млн теңге ($1,7 млн) ұрлады деп айыпталуда.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін СҚО-да ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің (ӨК) басшысы ұсталған болатын. Ол сүт өнімдерін өңдеуге арналған субсидия түріндегі 50 млн теңгеден астам қаражатты ұрлады деп күдіктелуде.