Қарағанды облысының Топар кентінің тұрғындары улы шаңнан зардап шегуде.
Informburo.kz мәліметінше, тұрғындар екінші ай бойы желді ауа-райында кентті Топар МАЭС-тің күл үйіндісінен шыққан шаң басып жатқанын айтады.
«Күл үйіндісін топырақпен көміп, ол жерде шөп өсіріледі. Жұмыстар үш жыл бойы жалғасады. Ал бұрын күл шұңқырларда болып, суға толтырылған еді. Қазір бұл шұңқырларды құрғатып тастады, ал 4 метрлік күл қабаты әр жел екпінімен ұшып кетеді», – деді кент тұрғыны Людмила Клочкова.
Тұрғындар 30 жыл ішінде мұндайды туған кентінде алғаш рет көріп отырғандарын айтады. Олардың сөзінше, шаң жабық терезе мен есіктерден де үйге кіріп, киімнен нашар жуылады.
«Экология департаменті тоқсан сайын ауа сынамаларын алу бойынша іс-шаралар өткізеді, қазіргі уақытта тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді кент әкімі Марғұлан Сафаров.
Өз кезегінде МАЭС өкілдері қалдықтарды сақтау үшін күл үйіндісінде жаңа секция салынып жатқанын, ал ескісін қайта жаңартатынын айтады.
Сонымен бірге медиктер көмір күлінің құрамында мышьяк, қорғасын және сынап бар екенін, олар онкологиялық немесе неврологиялық аурулардың пайда болуын тудыруы мүмкін екенін атап өтті.
Фонд-бюро расследования коррупции