Қауіпсіздік комитетінде (ҰҚК) қазақстандықтарды ведомство атынан жалған ақпарат таратылуы туралы ескертті.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде патриоттыққа қарсы риторика тарататын, «Бессмертный полк» акциясына бойкот жариялауға шақыратын немесе қоғамды ыдыратуға бағытталған өзге де әрекеттер жасайтын адамдар туралы мәліметтер жинау үшін Telegram-бот құру туралы ведомствоның «ресми мәлімдемесі» пайда болды.
«Бұл "мәлімдеме" жалған, онда келтірілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді», - делінген хабарламада.
ҰҚК-нің ресми ақпараты тек «knb.gov.kz» сайтында, «knbgov_kz» Telegram-арнасында және «knbgovkz» Instagram-аккаунтында жарияланатыны атап өтілді.
«Тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған хабарламалардың таралуына жол бермеуге шақырамыз», - деп қорытындылады ведомство.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы қазанда алаяқтар жасанды интеллект көмегімен Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуімен Илон Маск құрған жаңа инвестициялық платформаны қолдауға шақыратын бейнежазба жасаған болатын.
Сол жылдың қараша айының басында Facebook әлеуметтік желісінде Дариға Назарбаеваның Қазақстан тұрғындарына бар болғаны екі сағатта 500 мың теңге табуға мүмкіндік беретін жоба туралы айтатын жалған бейнежазба пайда болды.
Кейінірек желіде Президент Тоқаев пен Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе қазақстандықтарға 2 млн теңгеден табыс табуға мүмкіндік беретін жаңа жоба туралы айтатын жалған бейнежазба тарады.
Өткен жылдың сәуірінде алаяқтардың қазақстандықтарға үкімет мүшелерінің атынан жалақыға дейін ақша беруді өтініп, хабарламалар жіберетіні белгілі болды. Кейбір азаматтарға тіпті премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан да хабарламалар келген.
Желтоқсанда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында алаяқтардың жасанды интеллектті пайдаланып, өзінің атынан хабарламалар жасайтынын хабарлады.
Фонд-бюро расследования коррупции