Skip to main content

ҚҚО-да 1,9 млрд теңгеден астам сомадағы активтер мемлекетке қайтарылды

Submitted by Вера Александрова on

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан құрылған «Алтай» Шығыс Қазақстан өңірлік технопаркі» ЖШС мемлекеттік үлесін беру кезіндегі бұзушылықтарды анықтап, активтерді мемлекетке қайтаруға қол жеткізді.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, технопарк 2008 жылы инновацияларды дамыту мақсатында құрылған. Алайда кейіннен үлестерді сатып алу және иеліктен шығару бойынша бірқатар мәмілелер нәтижесінде құрылтайшылар құрамы өзгерген.

«Мемлекет активтерін бәсекелес ортаға берудің заңдылығын талдау кезінде университет мүлкін жарғылық капиталдағы үлестерді манипуляциялау жолымен жеке субъектіге беру белгілері анықталды», - делінген хабарламада.

Прокурорлардың анықтауынша, соның салдарынан:

  • университетке 1,5 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік залал келтірілген;
  • 1,4 млрд теңге сомасына мемлекеттік мүлікті заңсыз кепілге қою жүзеге асырылған;
  • жосықсыз тең құрылтайшының салық жеңілдіктерін заңсыз қолдануына жол берілген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде университет кепіл шарттарын, сондай-ақ жарғылық капитал үлесін азайту туралы жиналыс хаттамаларын жою туралы талап-арыз берген.

Сот талқылауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік мүліктен барлық ауыртпалықтар алынып, университетке заңсыз берілген 535 млн теңге тұратын технопарктегі қатысу үлесінің 78,48%-ы қайтарылып, технопарктің жосықсыз тең құрылтайшы алдындағы 1,6 млрд теңге сомасындағы берешегі жойылған.

Тексеру материалдары бойынша ШҚО экономикалық тергеу департаменті ҚК-нің 195-бабы («Алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Тергеу жалғасуда.