Skip to main content

Казатомпром кенішінде қауіпті ерітінділердің төгілуі туралы бейнежазбаға байланысты тергеу басталды

Submitted by Вера Александрова on

Желіде бейнежазба таралуда, онда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ қызметкерлері Түркістан облысы Отырар ауданындағы «ЗАРЕЧНОЕ» БК АҚ кенішінде қалдықтардан құтылып жатқаны көрінеді.

Telegram-арнасының «Kozachkov offside» мәліметінше, жазбада кәсіпорын қызметкері қауіпті заттардың кәдеге жаратылуы қалай жүретінін айтып берген.

«Мынаған қараңыз, бізде қышқылдар мен басқа да қышқылданған, металл қосылған өнімді ерітінділердің төгілуі қалай болады. Біздің жігіттер басшылықтың бұйрығымен осы ерітінділердің бәрін көміп тастайды. Кеше мұнда күкірт қышқылы төгілген еді. <...> Қазір мұның бәрі жерге сіңіп, көміледі», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ баспасөз қызметі бейнероликке түсініктеме беріп, таратылып жатқан материалдың түсірілген нақты күндерін анықтау мүмкін болмайтынын түсіндірді.

«Бейнеролик объективті және нақты көріністі бейнелемейді, себебі ол жылдың әртүрлі уақытында түсірілген бірнеше эпизодтан құрастырылған. Бейнежазбада түсірілген персоналдың арнайы киімі оның әртүрлі уақыт аралығында түсірілгенін болжауға мүмкіндік береді. Таратылып жатқан материалдар кеніштегі жалпы көрініс пен нақты жағдайды көрсетпей, кеніште болжамды түрде болып жатқан оқиғалардың орны мен уақыты туралы ақпаратты қамтымайтын субъективті пікірлермен сүйемелденеді», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, «Заречное» кенішіне АІІБ, Отырар ауданы әкімдігі және «АМАНАТ» партиясының өкілдері, сондай-ақ бейнероликті жариялаған блогер барған.

Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша экология департаменті жоспардан тыс тексеру бастады, оның барысында инспекторлар кеніштің өндірістік нысандарын тексеріп, зертханалық зерттеулер үшін топырақ сынамаларын алады.

Сонымен бірге кәсіпорында барлық жағдайларды мұқият зерделеу үшін ішкі қызметтік тергеу басталды.

Еске салайық, сәуір айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысындағы Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Күдікке «Қаратау» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы) бұрынғы басшылығы, мердігер ұйым «Iri building» ЖШС директоры, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдері ілінді.