Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бас коммерциялық директорына лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) үкім шығарылды.
Астана қалалық соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы сотталушы уранды өткізу бойынша оны жасасудың екі айлық мерзімі өткеннен кейін төмендетілген бағамен үш қысқа мерзімді шарт жасасқан. Бұл әрекеттер мемлекетке 16,5 млрд теңге көлемінде залал келтірген.
Содан кейін коммерциялық директор уранды төмендетілген құнмен өткізу бойынша тағы 10 шарт жасасып, мемлекетке 3,6 млрд теңге көлемінде залал келтірген. Аталған келісімшарттар бойынша ол жалпы сомасы шамамен 9 млн теңге бонус түрінде сыйақы алғаны атап өтілді.
Жәбірленушінің өкілі 20 млрд теңгеден астам сомаға азаматтық талапты қанағаттандыруды сұрады. Өз кезегінде сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.
Нәтижесінде сот «Қазатомөнеркәсіп» АҚ коммерциялық директорын кінәлі деп тауып, оған мүлкін тәркілеу және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар сот сотталушыны мемлекеттік наградадан – «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы Президентке ұсыныс енгізу туралы шешім шығарды.
Фонд-бюро расследования коррупции