Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) салық берешегі 150 АЕК-тен (589,8 мың теңге) асып, пайда болған сәттен бастап төрт ай ішінде өтелмеген компаниялар тізімін жариялады.
Kursiv.media ведомствоға сілтеме жасап хабарлағандай, тізімге 15 мыңнан астам компания енгізілген, олардың берешек көлемі 758,7 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар, ең ірі он салық борышкеріне 448,3 млрд теңге тиесілі, бұл жалпы берешек көлемінің 60%-ын құрайды. Тізімге ашық дереккөздерде аз ақпарат бар әрекеттегі және әрекетсіз ұйымдардың бәрі енгізілген.
Ірі борышкерлер қатарында:
- Ai-To Progress – 104,1 млрд теңге (Алматы, тіркеу күні – 2007 жыл, тауарлармен көтерме сауда);
- TEX ALLIANCE – 94,1 млрд теңге (Алматы облысы, тіркеу күні – 2013 жыл, тауарлармен көтерме сауда);
- Alpha-bet – 88,1 млрд теңге (Алматы, тіркеу күні – 2015 жыл, құмар ойындарды ұйымдастыру, шетелдік қатысуы бар компания);
- OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі – 80,2 млрд теңге (Астана, тіркеу күні – 2006 жыл, спорт саласындағы қызмет);
- GB Invest – 43,5 млрд теңге (Алматы облысы, тіркеу күні – 2011 жыл, тауарлармен бөлшек сауда);
- «Кастинг» – 18,1 млрд теңге (Алматы, тіркеу күні – 1999 жыл, түсті металдарды құю, шетелдік қатысуы бар бірлескен кәсіпорындардың меншігі);
- «КазГерСтрой» бірлескен кәсіпорны – 8,9 млрд теңге (Астана, тіркеу күні – 2004 жыл, тұрғын үйлер салу);
- «ПФД Интернэшнл» Атырау филиалы – 3,8 млрд теңге (Атырау облысы, тіркеу күні – 2000 жыл, шетелдік компания);
- «ФортСтрой-Т» – 3,69 млрд теңге (Астана, тіркеу күні – 2020 жыл, құрылыс-монтаж жұмыстары);
- GL-TRANSPORT – 3,59 млрд теңге (Алматы, тіркеу күні – 1999 жыл, автобустармен тасымалдау).
Ең көп берешек сомасы бес өңірге тиесілі:
- Алматы — 369,9 млрд теңге;
- Алматы облысы — 151,5 млрд теңге;
- Астана — 53,1 млрд теңге;
- Қарағанды облысы — 45,9 млрд теңге;
- Ақтөбе облысы — 38,1 млрд теңге.
Толық тізіммен мына жерден танысуға болады.
Фонд-бюро расследования коррупции