Еуропалық Одақтың (ЕО) арнайы өкілі Дэвид О'Салливан сапар барысында қазақстандық компаниялардың санкциялық тізімге енуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Zakon.kz деректері бойынша, Астанадағы кездесуде арнайы өкіл әскери тауарлардың ресейлік нарыққа жеткізілуіне жол бермеу мәселелерін көтерген. О'Салливан қазір ЕО 16-шы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатқанын атап өтті. Ол қазақстандық компаниялардың да тізімге қосылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Осыған байланысты, тізімге санкцияларды бұзу әрекетіне қатысы бар екендігі туралы даусыз дәлелдеріміз бар компаниялар ғана қосылатынын ерекше және тағы да атап өткім келеді», – делінген хабарламада.
Атап өтілгендей, ЕО Қазақстанның санкцияларды айналып өту және РФ қарулануында қолданылатын тауарларды қайта сату үшін пайдаланылуына алаңдаушылық білдіреді.
«Қазақстандық компаниялар да тексеру барысында анықталды. Олар тізімге заңсыз саудаға қатысқандықтан және ресейлік әскери-өнеркәсіптік индустрияға жәрдемдескендіктен ғана енгізілді. Бұл біз енгізген санкциялардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалды», – деді Дэвид О'Салливан.
Қорытындылай келе, ол әскери мақсаттағы тауарлардың үлесі жалпы тауар айналымының 1% -ынан аспайтынын және елеулі экономикалық мәні жоқ екенін қосты.
Еске салайық, 2024 жылғы ақпанда Еуропалық Одақ Ресейге және онымен байланысты Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Иран, Түркия және басқа елдердің компанияларына қатысты кезекті санкциялар пакетін жариялады.
Санкциялық тізімдерге қазақстандық «Elem Group» ЖШС де енгізілді. Ол «ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешенді қолдауда» және «сауда шектеулерін айналып өтуге қатысуда» күдіктелді.
Одан сәл бұрын сауда министрлігі компанияның 2023 жылдан бастап импорттық және экспорттық қызметті жүзеге асырмайтынын және тарату процесінде екенін хабарлады. Маусым айында Жапония да «Elem Group»-ке қарсы санкциялар енгізді.
Осы жылдың қаңтарында Жапония санкциялық тізімді кеңейтіп, оған алты елдің 31 ұйымын, оның ішінде қазақстандық «Da Group 22» компаниясын қосты. Күшіне енетін шектеулер химиялық қаруды әзірлеуге арналған тауарлар мен арнайы техниканың жиынтықтауыштарына қатысты.
Фонд-бюро расследования коррупции