Бас прокуратура соттан жасырынған адамдарды іздеуге бақылауды күшейтті. Биыл бейнебақылау камераларын мониторингтеу арқылы прокурорлар 53 қашқынды танып, ұстады.
Бұл туралы Әлеуметтік желідегі өз парақшасында айтты Бас прокурор Берік Асылов.
«Тамыз айынан бастап Алматы және Атыраудағы бейнебақылау камераларына қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және хабар-ошарсыз кеткендерді автоматты түрде тану бойынша ЖИ элементтері бар өзіміздің IT-әзірлемемізді қостық. Екі күн ішінде тергеуден жасырынған 2 адам және хабар-ошарсыз кеткен 2 адам танылды», - деді Асылов.
Жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен камералар арқылы жасының өзгеруіне және сыртқы келбетіне қарамастан адамдарды табуға болатыны хабарланды.
Берік Асылов прокурорларға жүйені барлық өңірлерде енгізуді тапсырды.
Белгілі болғандай, қазір елімізде 9 мыңнан астам адам іздестірілуде, оның ішінде 2,2 мың қылмыскер және 2 мың хабар-ошарсыз кеткен адам бар.
Фонд-бюро расследования коррупции