ТЖМ баспасөз қызметі Қарағанды облысындағы табиғи өрттің оқшауланғанын хабарлады. Өрт аумағы анықталып жатыр.
Ведомствоның соңғы мәліметтері бойынша, Қарағанды және Павлодар облыстарының аумағындағы өрт аумағы 45 мың га жеткен. Өртті сөндіруге қатты екпінді жел, таулы жер бедері және отқа кіреберіс жолдардың болмауы кедергі келтіргені атап өтілді.
Еске сала кетейік, 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қоянды ауылы маңында құрғақ шөп өртеніп, ірі дала өртіне ұласқан еді.
Өрт тез таралып, көп ұзамай Павлодар облысындағы «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» аумағына ауысты.
Алғашында өрт ауданы 3 мың га-дан астам болғаны хабарланған еді. Алайда көп ұзамай Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов өрт ауданы 6 мың га дейін өскенін мәлімдеді. Кейінірек Павлодар облысындағы 10 мың га аумақтағы өрттің оқшауланғаны белгілі болды.
Қарқаралы ауданындағы өртті сөндіру барысында 33 жастағы аға өрт сөндіруші-құтқарушы Хали Хайрат қаза тапты. Тағы төрт адам – екі өрт сөндіруші, жергілікті тұрғын және ерікті өртке қарсы құрылым қызметкері күйік алды. Олар ауруханаға жатқызылды.
Кейінірек бесінші зардап шеккені белгілі болды. БАҚ мәліметінше, өрт сөндірушілерге көмектесуге ниет білдірген ерікті қазір реанимацияда жатыр.
Фонд-бюро расследования коррупции