Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) қызметкерлері Қарағанды облысында есепке алу-бақылау маркалары жоқ темекі өнімін сатушыны анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің қоймасын тінту кезінде 71 мыңнан астам қорап темекі табылған. Тәркіленген темекі бұйымдарының құны 18,5 млн теңгеге жуық болды.
Ағымдағы жылдың басынан бері ҚМА өндірісінде темекі бұйымдарының заңсыз айналымына байланысты 62 қылмыстық іс болғаны, оның 35-і сотқа жіберілгені атап өтіледі.
Барлығы құқық қорғау органдары 11 млрд теңгеден астам сомаға 22 млн қораптан астам темекіні тәркіледі.
Қазан айында Ақтөбе облысында «Жайсан» автомобиль өткізу бекеті арқылы Қазақстаннан темекінің ірі партиясын заңсыз шығару тоқтатылды. Сонда 71 мыңнан астам қорапты ілеспе құжаттарсыз, көкөніс салынған жәшіктердің астына жасырып, шығаруға тырысқан.
Қараша айының ортасында полицейлер Қостанайдағы қоймалардың бірінен 50 млн теңгеден астам сомаға есепке алу-бақылау маркалары (ЕБМ) жоқ 126 мың қорап темекіні тапты. Жергілікті кәсіпкер әйел бұл темекілерді нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алып, кейін қайта сатпақ болған.
Кейінірек Қарағандыда қаладағы дүкендердің бірінде темекіні заңсыз сату фактісі анықталды. Полицейлер 47 мыңға жуық қорап акцизсіз өнімді тәркіледі. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 50 млн 274 мың теңгені құрады деп бағаланды.
Фонд-бюро расследования коррупции