Skip to main content

«Интергаз Орталық Азия» директорының орынбасары сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Қызылордада магистральды газ құбырлары басқармасы бас директорының бірінші орынбасары «Интергаз Орталық Азия» АҚ Нұрболатұлы Н. зауыттық газ құбырын салу кезіндегі алаяқтық үшін сотталды.

Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ол «Orda Glass Ltd» ЖШС -не 60,1 млн теңге көлемінде залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Айтуларынша, сотталушы «Шыны зауытының резервтік газбен жабдықтауға арналған кірме газ құбырын салу» нысаны бойынша сметалық құнын асыра көрсетіп, орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған. Сонымен қатар, ол мемлекеттік мүлікті қасақана бүлдіргені үшін сотталды.

Сот Нұрболатұлын кінәлі деп тауып, оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және 3 жыл мерзімге квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға тыйым салу түрінде жаза тағайындады.

Еске сала кетейік, әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2017 жылы Қызылордада шыны зауытын салу кезінде 1,2 млрд теңге ұрлау әрекетінен ұсталған еді. 

Осы іс бойынша сот талқылауы кезінде атап өтілгендей, алаяқтық «Orda Glass» ЖШС және «Шымкентхиммонтаж» ЖШС еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырылған. Сонда сот Бишімбаевты кінәлі деп тауып, 10 жыл колонияға кескен еді.