Skip to main content

ІІМ айналым көлемі 3 млрд теңге болатын жерасты порностудиялар желісін ашты

Submitted by Вера Александрова on

ІІМ Тергеу департаменті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Polisia.kz мәліметінше, 2023 жылғы тамызда Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында құқық қорғау органдары модельдік агенттік ретінде жұмыс істеп, Web-Cam арқылы интимдік сипаттағы материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан Қазақстан және жақын шетел азаматтарын ұстады. 

Қылмыстық схемаға 18 бен 25 жас аралығындағы жас қазақстандық әйелдер тартылған. Қылмыстық топтың ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқан.

Қылмыстық іс бойынша 21 адам өтуде, оларды мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр. 

Өткен жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері осыған ұқсас қылмыстық схеманы анықтағаны атап өтіледі.

«ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен ЕҚҚБ жедел қызметкерлері еліміздің 11 өңірінде бір мезгілде ұстау шараларын жүргізді, онда осы қылмыстық әрекетке қатысы бар 50-ден астам адам жеткізілді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы сәуірде желіде «Fake Taxi» ЖШС-не тиесілі Алматыдағы күдікті микроавтобус туралы ақпарат пайда болды. Компанияның атауы көпшілікті таң қалдырды, өйткені Fake Taxi – қала бойынша қозғалыстағы автомобильде порно түсіретін әлемдік бренд екені анықталды. 

Сол кезде белгілі болғандай, ЖШС Алматы қаласы, Розыбақиев көшесі, 127 үй мекенжайы бойынша тіркелген. Айта кету керек, дәл осы мекенжайда басқа да компаниялар, атап айтқанда Freedom Finance-пен байланысты компаниялар орналасқан. Мысалы, «Agrofinance» ЖШС.

Сонымен қатар, «Fake Taxi» ЖШС-нің байланыс деректерінде екі электрондық мекенжай көрсетілген, олардың бірі Freedom Finance бас бухгалтерінің электрондық поштасына ұқсас болған.