Грекия аралында іздеу жарияланған Қазақстан азаматшасы ұсталды. Ол алаяқтыққа күдіктеледі.
«Грекия аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеу жарияланған алаяқ әйелді ұстады», - деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылы күдікті Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері бола тұра, өз шотына 230 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны заңсыз аударған.
Қазір уәкілетті органдар ұсталған әйелді Қазақстанға беру мәселесін шешуде.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған ірі көлемдегі алаяқтыққа күдікті тұлға болды. 2010 жылы қылмыскер АҚШ-тан «Роллс-Ройс» автокөлігін жеткізу үшін жәбірленушіден 50 млн теңге алып, содан кейін ақшамен жасырынып кеткені хабарланған.
Шілдеде Қазақстанға Армениядан экстрадицияланған Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасы филиалын басқаруға күдікті әйел болды, оның салымшылары 167 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған.
Қыркүйекте Түркиядан экстрадицияланған Қазақстан азаматшасы өзге біреудің сеніп тапсырылған мүлкін иемденгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Алматыдағы бір коммерциялық ұйымның бухгалтері бола тұра, 2022 жылдан 2023 жылға дейін шамамен 27 млн теңге көлеміндегі ақшаны иемденген.
Фонд-бюро расследования коррупции