Атырау облыстық коммуникациялар қызметі «Атырау» футбол клубының мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың ақпан айынан бастап ФК «Атырау» кәсіби спорт клубы» қоғамдық қорының сенімгерлік басқаруында болған.

«Осы жылдар ішінде оның қызметінде құрылтайшылар мен басшылықтың жиі ауысуы, тұрақты спорттық нәтижелердің болмауы, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметтегі ашықтықтың жеткіліксіздігі сияқты жүйелі проблемалар байқалды», - делінген хабарламада.
Легионерлер санының көбеюі, бюджеттің ашықтығының болмауы және сенімді есептіліктің жоқтығына байланысты уәкілетті органдар клубты мемлекеттік басқаруға қайтаруды шешті.
Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы бұл қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуге және өңірдің футбол инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді деп санайды.
«Жақын арада клубтың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, тұрақты басқаруға, жастар мен балалар футболын дамытуға, сондай-ақ тұрақты спорттық өсу стратегиясын әзірлеуге ерекше назар аудара отырып, клубты кезең-кезеңімен реформалау жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Атырау» ФК футболшылары, жаттықтырушылары мен қызметкерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына үш ай бойы кешіктірілген жалақысы төленбесе, 30 наурызға жоспарланған «Ақтөбе» ФК-мен матчты бойкоттаумен қорқытқан болатын.
Клуб қызметкерлерінің ауыр қаржылық жағдайда екендігі хабарланды: олар несиелерін төлей және отбасыларын қамтамасыз ете алмай отыр. Қызметкерлер бұған облыстық бюджеттен клубты қаржыландырмай отырған спорт басқармасының басшысы Нұрбол Сұдықовты кінәлайды.
Сонда дене шынықтыру және спорт басқармасы қаржыландыруды тоқтатудың себебі облыс прокуратурасы анықтаған клуб қызметіндегі көптеген бұзушылықтар екенін түсіндірді. Айтпақшы, «Атырау» клубының футболшылары «Ақтөбе» ФК-ге қарсы матчқа шыққанымен, кездесуді 0:4 есебімен ұтылып қалды.
Фонд-бюро расследования коррупции