Бұрынғы Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының депутатын алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыруға күдіктеніп отыр.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті субсидияларды заңсыз алу үшін ауыл шаруашылығы басқармасына 947 млн теңгеге «Награда» элиталық таңқурай көшеттерін сатып алғаны туралы жалған құжаттарды ұсынған.
Нәтижесінде ол шамамен жұмсалған соманың 50% - 474 млн теңге мөлшерінде субсидия алған.
Бұрынғы депутат кірістерді жылыстату үшін 21 ЖК -мен көшеттерді орау, тиеу және түсіру жұмыстарын нақты орындамай, жалған шарттар жасасқан деп болжануда.
«Сонымен қатар, ұрланған қаражатты заңды айналымға тарту мақсатында ол өз әйелінің атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 млн теңге сомасында қылмыстық кіріс алған», - делінген хабарламада.
Экс-депутаттың қылмыстық кірістерге Алматыдан екі бөлмелі пәтер және Toyota Highlander автокөлігін сатып алғаны атап өтілген.
«Аталған мүлікке, сондай-ақ 50 млн теңге сомасындағы ақша қаражатына және құны 91 млн теңге болатын бағалы қағаздарға тыйым салынды», - деп хабарлады ҚМА.
Оған қоса, күдіктінің мемлекеттен ұрланған 170 млн теңгені казинода ұтылып алғаны белгілі болды. Сот санкциясымен ол 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Фонд-бюро расследования коррупции