ҚҰК департаменті Алматыдағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚАЖД лауазымды тұлғалары қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, билігін асыра пайдалану және пара алу күдігіне ілінген.
3 қызметкерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу-жедел іс-шаралар жалғасып жатқаны хабарланады.
Еске салайық, тамызда СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Әділет Мұстафинов кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу шартын жасауға жәрдемдескені үшін пара алуда кінәлі деп танылды. 1 млн теңге сомасын ол делдал арқылы алған. Сот Мұстафиновты кінәлі деп тауып, оған 30 млн теңге мөлшерінде айыппұл салды.
Фонд-бюро расследования коррупции