«Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс сотта қаралады.
Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, «Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржы пирамидасы Төлеби ауданының аумағында 2022 жылдан 2023 жылға дейін әрекет еткен.
Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша 20 адамның қатыстылығы анықталды. Олардың әрекеттері салдарынан 279 зардап шеккен адам 391,7 млн теңге көлемінде шығынға ұшырады.
Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен алған мүлкі тәркіленді.
Еске сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында ҚМА хабарлағандай, филиалдары Қазақстанның барлық дерлік аумағында әрекет еткен «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасы бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатқан. Жалпы шығын 7 млрд теңгені құраған.
Шілде айында белгілі болғандай, «Chia Tai Tianqing» тек БҚО тұрғындарына келтірген шығын 769 млн теңгеден асқан.
Қазан айында хабарланғандай, ШҚО-да «Chia Tai Pharmaceutical» салымшылары 350 млн теңге жоғалтқан.
Өткен жылдың қараша айында ҚМА хабарлағандай, «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының шымкенттік филиалының басшысына қатысты тергеу аяқталған, оның 200 салымшысы 700 млн теңге көлемінде шығынға ұшыраған.
Биылғы жылдың қыркүйек айында Астанада «Chia Tai Pharmaceutical» қаржы пирамидасының елордалық филиалының басшысына үкім шығарылды. Айыпталушы фармацевтикалық зауытқа инвестиция салу сылтауымен салымшылардың қаражатын тартып, кейін иемденіп алған. Нәтижесінде 12 зардап шеккен адам 29,2 млн теңге жоғалтқан.
Фонд-бюро расследования коррупции