Skip to main content

"Chia Tai Pharmaceutical" финпирамидасы филиалының басшысы БКО-да сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасы «Chia Tai Pharmaceutical» филиалының басшысы сотталды. Ол фармацевтикалық зауытқа инвестиция салу деген желеумен салымшылардың ақшасын заңсыз тартып, кәсіпорын қызметінен жоғары табыс уәде еткен.

«Шыңғырлау ауданының тумасы 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы сәуірге дейін «Chia Tai Pharmaceutical» қаржы пирамидасына кіріп, оның құрылымдық бөлімшесінде басшылық қызмет атқарды», — деп хабарлады облыс соттарының баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидасының әрекеті нәтижесінде БҚО-дағы зардап шеккендер 180 млн теңгеден астам материалдық залал көрді.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сондай-ақ қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқаруға және олардың қатысушысы болуға 5 жыл мерзімге тыйым салды. Келтірілген залал зардап шеккендердің пайдасына толық өндірілді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың шілдесінде белгілі болғандай, «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасының БҚО тұрғындарына келтірген залалы 769 млн теңгеден асқан. 2023 жылғы қазанда хабарланғандай, ШҚО-да «Chia Tai Pharmaceutical» салымшылары 350 млн теңге жоғалтқан.

2023 жылғы қарашада ҚМА хәбарлады «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының шымкенттік филиалы басшысына қатысты тергеу аяқталғанын, оның 200 салымшысы 700 млн теңге мөлшерінде залал көрген.

Биылғы жылдың қыркүйегінде Астанада «Chia Tai Pharmaceutical» қаржы пирамидасының елордалық филиалының басшысына үкім шығарылды. Айыпталушы фармацевтикалық зауытқа инвестиция салу деген желеумен салымшылардың қаражатын тартып, кейін иемденіп алған. Нәтижесінде 12 зардап шеккен 29,2 млн теңге жоғалтқан.

Қазан айында хабарланғандай, Түркістан облысында «Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржы пирамидасының 279 салымшысы 391,7 млн теңге мөлшерінде залал көрген.