Skip to main content

Бұрынғы судьяны Алматыда алаяқтық жасады деп күдіктенеді

Submitted by Вера Александрова on

Желіде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманованың ұсталғаны туралы ақпарат таралуда. Ол бірнеше жәбірленушіге қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланады.

Zakon.kz деректері бойынша, бұл мәліметті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап, ведомство қылмыстық іс қозғағанын атап өткен. Қорытындыда тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылған.

Светлана Жолманованың алаяқтыққа күдікті екені 2021 жылдың сәуірінде-ақ хабарланған болатын. Сонда қызметтік кабинетін тінту кезінде одан 10 мың АҚШ доллары тәркіленген еді.

Ол «мүдделі тұлғаларға өз пайдасына сот шешімдерінің шығуына жәрдемдесуге байланысты алаяқтық әрекеттер жасады» деген күдікке ілінген.

Кейін Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Светлана Жолманованың өкілеттігі тоқтатылды. 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны жұмыстан босатты.

Айта кетейік, екі жыл бұрын журналист Михаил Козачков видео жариялаған, онда бұрынғы судья Светлана Жолманова бір қызбен параның мән-жайын талқылап жатқаны көрінеді.