Skip to main content

Бұрынғы Алматы әкімінің орынбасары мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

Submitted by Вера Александрова on

Астанада бұрынғы Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды.



CMN.KZ мәліметінше, 29 қаңтарға қараған түні елордалық полицейлер Бабақұмаров басқарған Toyota Land Cruiser Prado көлігін тоқтатқан. Медициналық куәландыру кезінде жүргізушінің жеңіл дәрежедегі масаң күйде екені анықталған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Ержан Бабақұмаровты көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулік әкімшілік қамау және жүргізуші куәлігінен жеті жылға айыру жазасын тағайындады.

Белгілі болғандай, Ержан Бабақұмаров 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы әкімінің орынбасары болған. Кейін 2022 жылы ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды. Сонымен қатар, 2019 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін Бабақұмаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болған.