«Бәйтерек» бірлескен қазақстан-ресей кәсіпорны» АҚ «Байқоңыр» ғарыш айлағынан технологиялық жабдықтарды сатуға шығарды.

Электрондық сауда алаңының сайтында өтінімдерді қабылдау 4 маусымда аяқталатыны көрсетілген. Лоттың бастапқы бағасы 264 656 558 теңгені, ал кепілдік жарнасы 39 698 484 теңгені құрайды.
«Өткізілетін мүлік «Байқоңыр» ғарыш айлағының 42, 42РП, 43, 45 алаңдарында орналасқан, құрамында бағалы металдар, қара және түсті металдар, кабель өнімдері, есептен шығарылған өлшеу құралдары бар есептен шығарылған жүйелердің, агрегаттардың және аппаратура жиынтықтарының түйіндерін, бөлшектерін, металл конструкцияларының элементтерін білдіреді», - делінген лот сипаттамасында.

Тендерге қатысу үшін меншігінде немесе жалдауында жүк көтергіштігі 25 тонна болатын автокран, екі кран-манипулятор, үш самосвал және тиегіші бар заңды тұлғалар жіберіледі.

Өткізілген сауда бойынша сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, сатып алушы үш жұмыс күні ішінде сатушыға өткізу бағасының 10 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Фонд-бюро расследования коррупции