Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Жаңа ауылындағы балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары ортаңғы топтың күтушісін балаларды ұрып-соғуда және қорлауда айыптайды.
Telegram-арнасы «Halyqstan» мәліметінше, бәрі тәрбиеленушілердің бірі анасына оны «дәретханада жаман апай жауып тастайды» деп шағымдануынан басталған.
«Шынымды айтсам, алдымен қызыма сенбедім. Бірақ көп ұзамай қызым дәретханаға өзі баруды мүлдем қойды, дәлізге горшок шығаруды өтіне бастады, тек қасымда қалсам ғана отырады. Ал мен оған күтушінің суретін көрсетіп, кім ренжітетінін анықтауға тырысқанда, қызым екі сағаттай жылап, тыныштала алмады», - деді қыздың анасы Динара Гусманова.
Содан кейін Динара басқа ата-аналардан олардың балаларына да осындай нәрсе болған-болмағанын сұрай бастады. Анықталғандай, ата-аналардың бірі өз баласынан Динараның қызы мен тағы бірнеше баланы тәртіпсіздігі үшін дәретханаға жауып қоятынын білген.
Осыдан кейін ата-аналар балабақшаға келіп, бейнебақылау камераларының жазбаларын көрсетуді талап етті, бірақ меңгерушінің міндетін атқарушы учаскелік инспекторсыз беруден бас тартты. Кейін полиция қызметкерінің қатысуымен аналар бейнежазбаны көріп, таңғалды.
«Тәрбиеші балаларды ұрады, күтуші балаларды ұрып, тергектеп, дәретхананы көрсетіп: "сені сонда жауып тастаймын" дегендей болады. Бірде шымшып алады, бірде орындықтан құлатып жібереді, содан кейін бір жаққа сүйреп апарады да, видео аяқталады», - деп айтты Динара Гусманова.
Тағы бір ана, Анна Еремина, Динара Гусманованың сөздерін растады.
«Олардан тамақ алып қояды, ұрады, ренжітеді. Менің ұлым үйге келіп: «ана, мені ұрады» деп айтатын, мен де алдымен сенбедім. Бірақ бұл бірнеше рет қайталанды. Аяқтары мен қолдарында көгерулер пайда болды», - деп бөлісті Анна Еремина.
Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, ол жанжалдың барлық тарапын тыңдап, жағдайды құқықтық аяда қарастыратынын уәде етті.
Полиция кәмелетке толмағандарға қатыгездікпен қараумен ұштасқан тәрбие жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын түсіндірді.
Тергеу аясында балалары ұрып-соғуға ұшыраған деген төрт ата-анадан жауап алынды. Ата-аналар күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қолхат алынғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде Алматыдағы жеке «Ахляк» балабақшасынан тәрбиешінің 4 жасар баланы тұншықтырып жатқаны көрінетін бейнежазба пайда болған. Бұл кезде кабинетте мекеменің тағы екі қызметкері болған. Қорлау фактісі баланың ата-анасына балабақшада ұрып жатқанына шағымдануынан кейін белгілі болды.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде құқық қорғау органдары осы факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын жазды. Сондай-ақ белгілі болғандай, балабақша филиалының қызметі уақытша тоқтатылды. Күдікті мен мекеме меңгерушісі жұмыстан шығарылып, директоры айыппұл салынды.
Фонд-бюро расследования коррупции