Павлодар облысында адал емес банк қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.
Polisia.kz мәліметінше, тергеу телефон алаяқтығы және зардап шеккендердің атына несие рәсімдеу жағдайларының көбеюіне байланысты басталды.
Белгілі болғандай, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметкерлері қарыз алушылардың жеке басын биометриялық сәйкестендірусіз несие рәсімдеген.
Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде 173 алаяқтық жағдайы тіркелген, оның 126-сы ақпараттық технологиялар саласына қатысты.
Еске сала кетейік, былтырғы сәуірде Ақмола облысы Степногорск қалалық соты бір ай ішінде 255 млн теңге ұрлаған екінші деңгейлі банк бөлімшесінің кассирі мен директорына үкім шығарды.
Фонд-бюро расследования коррупции