Skip to main content

Бағдат Мусин Қазақтелеком ұялы байланыс операторларының байланыс сапасы үшін жауапкершілік алатынын уәде етті

Submitted by Вера Александрова on

Журналистер басқарма төрағасына «Қазақтелеком» АҚ Бағдат Мусинге оның цифрлық даму министрі қызметінде Астанадағы интернет Токиодағыдан жақсырақ деген мәлімдемесін еске салды.

«За нами уже выехали» Telegram-арнасының дерегінше, оған: Қазақстан қазір интернет жылдамдығы бойынша қай орында және Токио бізді басып озды ма? деген сұрақ қойылған.

«Білесіз бе, қандай рейтингте екеніміз, өзімізді қалай орналастыратынымыз маңызды емес, бастысы, бүгінгі жағдайдан жұмыс істеу. Яғни, бүгінде мобильді байланыстың жай-күйі елорда тұрғындарын қанағаттандырмаса, біз жай ғана дамып, кешегіден жақсырақ болуымыз керек», - деп жауап берді Мусин.

Айта кетейік, Speedtest сервисінің осы жылдың шілде айындағы рейтингінде Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 56-орында, ал Жапония 58-орында тұр.

Сонымен қатар Tengrinews Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Бағдат Мусин Қазақтелеком байланыс сапасын жақсарту үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдегенін жазады. Нәтижелерін қыркүйек айындағы брифингте хабарлайтынын уәде етті.

«Қазақстанда үш мобильді оператор жұмыс істейді. «Қазақтелекомға» тиесілі мобильді операторлар үшін, әрине, біз жауап береміз. Мен жауапкершілікті өз мойнымына аламын», - деді Мусин.

Ол Kcell операторының байланыс сапасына оның менеджменті мен директорлар кеңесі жауапты екенін атап өтті.

«Біз «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы ретінде, әрине, басқарамыз, бірақ операциялық тұрғыдан басқаруға араласпаймыз. Қалай болғанда да, бұның бәрі «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының құрамына кіретіндіктен, мен жауапкершілікті өзімнен алмаймын. Қалай болғанда да, жіберілген қателіктерді түзету керек. Және бар проблемаларды да. Біз бәрі дамуы керек, бәрі өз ретімен жүруі керек екенін түсінеміз», - деп қосты Мусин.