Skip to main content

«Автолюкс» қаржы пирамидасының салымшылары 100 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады

Submitted by Вера Александрова on

Павлодар облысы бойынша ҚМА Департаменті «Автолюкс» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, үш ай ішінде қаржы пирамидасының қызметі Павлодар, Алматы, Ақтөбе және басқа да облыстардың аумағына таралған.

Күдікті ұйымдастырушы интернет-дүкен платформасында тауарларды жалған бөліп төлеу арқылы сатып алу үшін ақша салуды ұсынып, әрбір 10 күн сайын 5%-дан 15%-ға дейін сыйақы уәде еткені хабарланады. 

Осыдан кейін салымшылар сатып алынбаған тауар үшін несиелерді төлеуді жалғастырған, ал күдікті ақшаны қолма-қол алып, оны шетелдік сапарларды қоса алғанда, қымбат ойын-сауыққа жұмсаған.

Нәтижесінде, қылмыскер әйел қаржы пирамидасына 100 млн теңгеден астам салған 150-ден астам адамды тартқан.

Заңсыз алынған қаражатқа күдікті Mercedes Benz және Toyota Camry маркалы екі автокөлік сатып алған, олар сот санкциясымен тәркіленген. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты «үй қамағы» бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы Қырғызстаннан Қазақстан азаматын экстрадициялап, оны трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында «QI-Trade» қаржы пирамидасын құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

Белгілі болғандай, күдіктілер 4,7 мыңнан астам салымшыға тиесілі шамамен 15 млрд теңгені иемденген. Қатысушылардың бір бөлігі сотталған, ал жоғарыда аталған азамат жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған. Іздеуде жүріп, күдікті Қырғызстан аумағында кісі өлтіру әрекетін жасап, сол жерде сотталған.