Skip to main content

Астаналықтарды бопсалау және ұрлау күдігіне ілікті

Submitted by Вера Александрова on

Астана полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топтың болжамды мүшелерін ұстады.

Polisia.kz деректері бойынша, оның құрамына бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері кірген. Олар бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

Эпизодтардың бірінде күдіктілер қорқытып, күш қолданып, жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге және Toyota жол талғамайтын көлігін алған. Сондай-ақ олар банктердің бірінің аумағында 6 млн теңге ұрлағаны үшін әшкереленді.

Қылмыстық топтың барлық болжамды мүшелері қамауға алынды. Олардың басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Сотқа дейінгі тергеу алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін кінәлі деп танып, әртүрлі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне соттады.