Астанада вейптерді өндіру, сақтау және сату бойынша ең ірі жерасты цехының ұйымдастырушысы ұсталды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық топ глицерин, никотин және жасанды хош иістендіргіштерден тұратын никотин құрамды сұйықтық шығарған.
Ведомство қызметкерлері 5 мыңнан астам вейпті, 235 литр химиялық заттарды, хош иістендіргіштерді, сондай-ақ оларды өндіруге арналған станоктарды тәркіледі.
«Жерасты цехының өндірістік қуаты айына 7-ден 10 мың данаға дейін электронды құрылғыны құрады. Қолөнер өнімдерінің барлығы республикадағы вейпшоптарға таратылды», - делінген хабарламада.
Сот үкімімен аталған азамат сотталды, алайда жаза шарасы туралы хабарланбады. Вейптердің барлық партиясы, сондай-ақ өндіріске арналған жабдық тәркіленіп, жойылды.
Елде «вейп» электронды құрылғыларының таралуына қарсы күрес аясында қылмыстық істерді тергеу барысында тәркіленген 400 мыңға жуық бірлік жойылғаны атап өтіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өскеменде ҚМА қызметкерлері никотин бар электронды темекілерді, вейптерді және басқа да бір реттік құрылғыларды тәркілеген болатын. Тәркіленген мүліктің жалпы сомасы шамамен 8,5 млн теңгені құрайды.
Фонд-бюро расследования коррупции