Skip to main content

Антикор Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы Жусанбаевқа қатысты істі тергеп жатыр ма?

Submitted by Вера Александрова on

Желіде Антикордың Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) бас директоры Ғалымжан Жұсанбаев және оның орынбасарлары Распекова мен Есқалиевке қатысты істі тергеп жатқаны туралы ақпарат таралуда.



Ulysmedia.kz мәліметінше, АМӨЗ басшылығы аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген (ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі).

Айта кетейік, 2024 жылғы ақпанда Ғалымжан Жұсанбаев пен АМӨЗ бас инженері Әділет Шошанбасов лауазымдарынан босатылған болатын. «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі онда мәлімдегендей, мұндай шешім комиссия тексеруінен кейін қабылданған.

Кейін желіде Шошанбасовтың үндеуі жарияланып, онда ол Жұсанбаевты зауытта алаңдатарлық жағдай туғызды және зауыт басшылығы тарапынан қаржылық ұрлық жасады деп айыптаған.

Маусым айында Астана соты Ғалымжан Жұсанбаевты лауазымына қайта келтіріп, оны «жұмыс нәтижесі теріс болмаған сынақ мерзімі кезеңінде, себептерін көрсетпей» жұмыстан шығарған деп негіздеген.